Сурет: ТСМ
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасында командалық бәсекенің топтық кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы бірінші ойында әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Бангладешті 3:0 есебімен жеңді.
Бүгін жерлестеріміз әлі Сингапур және Лаоспен топтық кезеңде ойнайды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Триатлоннан ерлер арасындағы Арлан Жанабайдың қола жүлде еншілесе, тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын жүлде иеленді.
Еске салайық, ХХ жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.
