Қаржы

Үкімет жеңіл өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың жедел және жүйелі шараларын әзірледі

Сурет: @KZgovernment

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті қолдауға бағытталған жаңа шаралар пакеті дайындалды. Үкімет отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын жеңілдетіп, қазақстандық шикізатты пайдалану үлесін арттыруды және өнім сапасына қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп формасының сапасына қойылатын талаптарды ұлттық стандарттар деңгейінде бекіту жоспарлануда. Сонымен қатар өнімді сертификаттау және зертханалық сынау үшін бизнес шығындарын азайту ұсынылады.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен кезекті кездесуде жеңіл өнеркәсіпті қолдау және дамыту бойынша қосымша шешімдер пакеті ұсынылды. Ол тамыз айының басында вице-премьермен кездесуде айтылған отандық өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.

Негізгі шешімдердің бірі – мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысты. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу кезінде шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Бұл қазақстандық шикізатты пайдалануды ұлғайтуға және жергілікті өндірушілердің неғұрлым тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар