Қоғам

ҰБТ жүйесі қалай өзгереді: министр жаңа жоспарды айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында ҰБТ жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарын жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жаңарту бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен тест тапсырмаларының мазмұны өзгереді, кейін бағалау жүйесі жетілдіріледі.

«Біз ҰБТ-ны тек білімді ғана емес, оқушының логикалық ойлау қабілетін де сынайтындай етіп өзгертеміз. Жаңа жүйе 2025 жылдан бастап іске қосылады», – деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, тестілеу форматы да өзгереді. Қазіргідей тек үш пәннен емес, бес пәннен емтихан тапсыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл өзгерістердің барлығы оқушылардың нақты білімін анықтауға бағытталған.

Көп оқылғандар