Categories Жайық news

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер Сәндеш Жақашеваның шаңырағына арнайы барып, қал-жағдайын білді.

Кездесуде ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолы, ұрпақ тәрбиесіне қосқан елеулі үлесі туралы әңгіме өрбіді. Қала әкімі соғыс және тыл ардагерлерін әлеуметтік қолдау Президенттің, өңір басшылығының тікелей назарында екенін айта келе, кейуанаға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Сәндеш Жақашева көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

– Елге адал қызмет ету – ең үлкен парыз. Халықтың алғысын алу – зор бақыт. Шүкір, аспанымыз ашық. Жас толқынды тәрбиелі, білімді, еңбекқор болуға шақырамын. Арнайы келіп, жағдайымды сұрап жатқандарыңызға көп рақмет, – деді ардагер ұстаз.

Айта кетейік, БҚО-да соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және аға буын өкілдеріне қолдау білдіру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Тыл еңбеккері Сәндеш Жақашеваға да біржолғы әлеуметтік төлем табысталды.

 

Ұқсас жазбалар

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.