Жайық news

Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адамның әйеліне де іс қозғалды

Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адамның әйеліне де іс қозғалды,-деп жазады Жайықмедиа.кз.

Желіде ер адамның қарияны ұрып-соққаны түсірілген видео тараған болатын. Кадрда ақсақалдың беті қанға боялып, орнынан тұра алмай қалғаны анық көрінеді. Сол сәтте баласы әйелін шақырып, екеуі бірге қартты сүйреп әкеткен.

Полиция жүргізген тексеріс барысында ер адамның туған әкесін соққыға жыққаны белгілі болды. Ал оның әйелі қылмысқа араласпағанымен, оқиғаның алдын алуға тырыспаған.

Көрші жасырын түсірген бейнематериал негізінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал әйеліне қатысты да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *