Сурет: Report.az
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери әрекеттер туралы айтқан сөздері мұнай бағасының күрт өсуіне себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Brent маркалы мұнай 6,6%-ға қымбаттап, баррелі 89,70 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 7%-дан асып, баррелі 84,48 доллар болды.
Мұнайдың қымбаттауына әлемдік жеткізілімнің тұрақтылығына алаңдаушылық себеп. Хуситтердің шабуылдарына байланысты Қызыл теңіздегі жағдайдың шиеленісуі және Ормуз бұғазындағы геосаяси тәуекелдердің артуы нарықта мұнай тапшылығы туындауы мүмкін деген қауіпті күшейтті.
Нарықтағы белгісіздікті АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме туралы алдағы шешімі де күшейтті. Несие құнының өзгеруі жаһандық экономиканың өсуіне әсер етеді, бұл мұнай мен энергия ресурстарына сұранысқа тікелей әсер етеді.
Мазмұнға өту
