Әлем

Трамп жасанды интеллектіні шектеуге қарсы

Сурет: istockphoto.com

АҚШ президенті Дональд Трамп жасанды интеллектіні дамытуға қатаң шектеу қоюға қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, АҚШ билігінің IT алпауыттарын бақылауда ұстауға жеткілікті тетіктері бар. Ақ үй басшысы жасанды интеллект нарығын тым қатаң реттеу Қытайдың пайдасына жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты. Ол бұл ретте Пекин технологиялық жарыста АҚШ-ты басып озуға ұмтылып отырғанын алға тартты.

Дональд Трамп мұндай мәлімдемені ЖИ-дің қатеріне қатысты мамандардың мәлімдемесінен кейін жасады. АҚШ-та ірі AI компанияларының басшылары нейрожелілердің жылдам дамуы мен өздігінен үйрену қабілетіне байланысты қауіпсіздік мәселелерін жиі күн тәртібіне шығара бастаған.

Бұған дейін сала өкілдері машиналық интеллектіні бақылаудан шығарып алу қаупі бар екенін де ескерткен болатын. Осы мәлімдемелерден кейін жасанды интеллект саласымен байланысты әлемдік IT компанияларының акциялары күрт құлдыраған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Вашингтон шетелден гуманоид роботтарды импорттауға тыйым салған болатын.

Көп оқылғандар