Әлем

Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайын

Сурет: AFP 2024 / SAUL LOEB

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылауға ниетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді. Оның айтуынша, Солтүстік Кореямен арадағы мәселелерді шешудің бір жолы – тікелей келіссөздер жүргізу.

«Егер бізде Солтүстік Кореямен мәселе болса, оны шешудің жалғыз жолы – олармен кездесу», – деді Рубио журналистерге.

Мемлекеттік хатшы Трамптың Пхеньянмен байланыс орнатып, бірқатар мәселені талқылауға мүдделі екенін атап өтті. Бұған дейін АҚШ президенті Ким Чен Ынмен жүздесу мүмкіндігін жоққа шығармаған.

Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде екі көшбасшы үш рет кездескен: 2018 жылы Сингапурда, 2019 жылы Вьетнамның Ханой қаласында және Корея түбегіндегі демилитаризацияланған аймақта.

Көп оқылғандар