Сурет: Aikyn.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісім жасауға асықпау керектігін айтты. Бұл оның бұған дейінгі «келіссөздерде ортақ түсінікке жақындадық» деген мәлімдемесіне қайшы келеді.
Трамптың бұл тапсырмасы Вашингтон мен Тегеран арасындағы бейбіт келіссөздердің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін. Сарапшылар бұл шешімнің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты уағдаластыққа кері әсерін тигізетінін айтады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ әкімшілігі Иранмен келісімнің негізгі тармақтары бойынша алға жылжығанын хабарлаған еді. Алайда Трамптың жаңа бұйрығы бұл үдерісті баяулатуы ықтимал.
, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

