Сурет: euronews.com
Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасы маңында болған Қазақстан азаматын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол туристік топпен бірге Непалдан Қытай аумағына өткен. Алайда осыдан соң онымен байланыс үзілген.
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен. Қазіргі уақытта азаматымыздың орналасқан жері белгісіз. Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен байланыста», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазір біздің дипломаттар туристің орналасқан жерін анықтау үшін жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ведомство Непалдағы су тасқынынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеген болатын. Көп ұзамай министрлік ақпаратты нақтылап, туристік топ құрамында Қазақстан азаматы болғанын анықтады.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Непалда алапат су тасқыны болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елде табиғи апаттан қаза тапқандар саны 157-ге жетті.
