Жайық news

Оралда 40-қа жуық дроппер ұйымдастырған күдікті ұсталды

Сурет: istockphoto.com

Оралда киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, күдікті тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға банк шоттары мен карталарын өз атына рәсімдегені үшін ақша ұсынған. Верификациядан өткен соң, олар банк деректеріне қолжетімділікті күдіктіге берген.

Тексеру барысында 40-қа жуық дроппер анықталды. Олардың шоттары мен карталары азаматтардан интернет-алаяқтық арқылы ұрланған ақшаны аудару үшін пайдаланылған.

«Тінту кезінде күдіктіден 732 мың теңге, 14 ұялы телефон, SIM-карталар және банк карталары тәркіленді. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот оның қамауға алынуына санкция берген. Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық схеманың басқа да эпизодтары мен ықтимал қатысушыларын анықтап жатыр», делінген хабарламада.

Көп оқылғандар