Сурет: shaidorovgrup
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа маусымын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Милан-2026 Олимпиадасының чемпионы қысқа бағдарламасы үшін төрешілерден 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ТОП-3:
2. Даниэль Грассль (Италия) — 99,10 ұпай
3. Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 95,98 ұпай
Бұл беделді дода — отандасымыз үшін Олимпиададағы триумфынан кейінгі алғашқы ресми жарыс. Ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер еліміздің уақытымен бүгін түнде, еркін бағдарламадан кейін анықталады.
