Сурет: ашық дереккөз
Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалында Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойын 1 сағат 16 минутқа созылып, отандасымыз 2:6, 3:6 есебімен ұтылды.
Финалдан кейін Рыбакина әлемдік рейтингте 8316 ұпаймен екінші орында тұр.
Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.
Бұған дейін Е. Рыбакина аталған турнирдің жартылай финалында әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффты ұтқан еді.
Мазмұнға өту
