Басты тақырып

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты: Қытайдағы шахта апатынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдап, Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан қаза тапқандарға көңіл айтты. Апат салдарынан 47 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің жеделхатында: «Қытай халқының ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін», — делінген.

Апат 15 қараша күні Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған. Газ жарылысынан 47 адам көз жұмды. Қытай билігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Көп оқылғандар