Тоқаев Путинді Астана әуежайында күтіп алды: ресми сапар басталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді Астана әуежайында жеке өзі қарсы алды. Мемлекет басшыларының кездесуі елордадағы ресми сапардың басталуын білдіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Президентінің ұшағы Қазақстан әуе кеңістігіне енген сәттен бастап Астана әуежайына қонғанға дейін Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Бұл — жоғары дәрежелі мейманға көрсетілетін құрметтің бір белгісі.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

Ресми сапар барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Бұл — Тоқаев пен Путиннің биылғы алғашқы кездесуі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв мәлімдеді.

Путин Қазақстанға келді: екі елдің бас қосуы не береді?

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақорда бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге…

Путин Астанаға келді: Тоқаев әуежайда жеке қарсы алды

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Елорда әуежайында оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев…