Басты тақырып

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Краковтағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін және зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектес екенін жеткізді.

Айта кетейік, Краковта болған атыстан бес адам қаза тауып, кемінде 10 адам жарақат алды. Күдікті – 24 жастағы поляк.

Көп оқылғандар