Сурет: Ақорда
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанадағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшылары рәсімдік лентаны қиып, Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады. Кейін оларға елшілік ғимараты туралы бейнеролик көрсетіліп, дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды. Екі ел көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның кандидатурасын қолдайтыны белгілі.
Мазмұнға өту
