Басты тақырып

Тоқаев пен Путинге жолбарыс жерсіндіру және жүк көлігі жобасы таныстырылды

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге бірқатар ірі сауда-экономикалық жоба таныстырылды. Олардың қатарында Амур жолбарыстарын Қазақстанға жерсіндіру және жүргізушісіз жүк көлігі бағытын іске қосу бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі елдің президенттеріне ұсынылған жобалар сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Амур жолбарыстарын Қазақстанға әкелу және оларды жергілікті жағдайға бейімдеу – бірегей экологиялық бастама.

Сондай-ақ, жүргізушісіз жүк көлігінің автобағытын іске қосу логистика саласындағы жаңа серпіліс болмақ. Бұл жобалар екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі дамытады.

Көп оқылғандар