Тоқаев пен Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді: не талқыланды?

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз өткізді. Екі ел басшысы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

«Президенттер аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық күн тәртібіндегі маңызды бағыттарды да талқылады», – делінген хабарламада.

Келіссөздердің нақты нәтижелері әзірге жарияланған жоқ. Бірақ сарапшылар бұл кездесудің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға серпін беретінін айтады.

Ұқсас жазбалар

«Адал Азамат» бағдарламасы «Сириус» мектептерінде оқытылады: тәрбие мен білім қатар жүреді

«Сириус» мектептерінде «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы енгізілді. Жоба оқушылардың адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды

Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бет-әлпетті жасырған 1100-ден астам адам жауапқа тартылды

ІІМ қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім кигендерді жауапқа тартуды жалғастыруда. Биыл 1 100-ден астам адам…