Басты тақырып

Тоқаев Өзбекстан Президентін елорда әуежайынан шығарып салды

Сурет: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елордада Ақаба процесінің саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Ақаба процесі — Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.

Көп оқылғандар