Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Корольдігінің Ұлттық күніне орай Премьер-министр Хун Манетке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мерекенің Камбоджа халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталды.
«Жуырда Қазақстанға жасаған сапарыңыздың нәтижесін нақты іске асыруға ден қойып отырмыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін», делінген жеделхатта.
Президент Хун Манеттің жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс, ал Камбоджа халқына құт-береке тіледі.
Сонымен қатар бір сағат бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесуде қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту бағытындағы жобалар талқыланды.
Мазмұнға өту
