Басты тақырып

Тоқаев: Ауыл шаруашылығын цифрландыруды күшейту керек

Сурет: Egemen Qazaqstan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын цифрландыруды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, цифрлық технологияларды енгізу егіншілік пен мал шаруашылығының тиімділігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерін бұл саладағы тәжірибе алмасуға шақырды.

«Біз ауыл шаруашылығын цифрландырудың озық тәжірибелерін кеңінен енгізуіміз қажет. Бұл өнімділікті арттырып, шығындарды азайтады», – деді Тоқаев.

Президент сонымен қатар цифрлық платформалар арқылы фермерлерге мемлекеттік қолдау көрсетуді жетілдіру қажеттігін атап өтті. Бұл бастамаларды іске асыру үшін ЕАЭО шеңберінде бірлескен жобаларды дамыту ұсынылды.

Көп оқылғандар