Басты тақырып

Тоқаев Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Aikyn.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше орны бар екенін атап өтті. Ол бұл күннің Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы, өңір елдерінің мүддесіне сай маңызына тоқталды.

Сонымен қатар Президент қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейіне жоғары баға берді. Екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Көп оқылғандар