Сурет: Дода, телеграм
Кеше Мексика мен Оңтүстік Африка арасындағы (2:1) матчта бас төреші Вилтон Сампайо үш қызыл қағаз көрсетіп, әлем чемпионатының ашылу ойындарында рекорд орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дода телеграм арнасының мәліметінше, 2018 және 2022 жылғы мундиальдарда барлығы төрт қызыл қағаз көрсетілген, ал кеше бір матчта бірден үш қызыл қағаз көрсетілді.
АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионаты 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

