Спорт

Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан боксшысы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол финалда Иордания спортшысы З.Ишашпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда қол жеткізген тұңғыш алтын медалі. Бұған дейін отандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған. Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен додаларда Қазақстан құрамасы бокстан алтынға қол жеткізе алмаған.

Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.

Айта кетейік, Азия ойындарында алтынға ең жақын келгендер қатарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков, дзюдошылар Ажар Асхат пен Әділет Алмат болды. Алайда үшеуі де финалда ұтылып, күміспен шектелді.

Көп оқылғандар