Categories Ақорда

ТМД шекара қызметінің білім беру жүйесі: ҰҚК академиясына базалық ұйым мәртебесі берілді

Өзбекстанның Самарқанд қаласында ТМД елдерінің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 92-отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесін беру туралы ереже бекітілді. Бұл шешім ТМД елдері арасындағы шекаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

«Біздің академия енді ТМД көлемінде шекарашыларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Бұл білім беру сапасын арттыруға және біріңғай стандарттар енгізуге мүмкіндік береді», – деді ҰҚК өкілі.

Жиын барысында қатысушылар шекара қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылап, бірлескен жаттығулар мен тәжірибе алмасу жоспарларын бекітті.

Ұқсас жазбалар

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті.

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана…

Алматыда БАҚ қызметкерлері Мемлекет басшысы атынан марапатталды

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында медиа саласы өкілдерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Марапаттар Президент атынан…