Categories Спорт

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына ұсынылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) президентінің орынбасары лауазымына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау 2026 жылғы 26-27 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында FIDE Бас ассамблеясы аясында өтеді. Сол кезеңде Самарқанда 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да ұйымдастырылады.

Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде елімізде жас шахматшыларды қолдау бағдарламасы іске қосылып, «Мектептегі шахмат» жобасы кеңінен дамыды. Қазіргі таңда бұл жоба 1 500-ден астам мектеп пен 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

2025 жылы ел шахматшылары халықаралық жарыстарда жалпы 162 медаль жеңіп алды. Оның 64-і – алтын жүлде.

Тимур Турлов өз кандидатурасын ұсыну туралы шешімін Қазақстанда жүзеге асырылған бастамалардың тиімділігімен байланыстырды.

«Соңғы үш жарым жылдағы нәтижелер Қазақстанда қолданылған тәсілдің тиімді екенін көрсетті. Енді осы тәжірибені әлемдік шахмат деңгейінде қолдануға болады деп есептеймін», деді ол.

FIDE ережесіне сәйкес президент пен вице-президент бірыңғай тізім бойынша сайланады. Тимур Турлов сайлауға ұйымның қазіргі президенті Аркадий Дворковичтің командасы құрамында қатысады.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен ойнайды

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен кездеседі.

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…