Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) турнирінде қазақстандық Team KZ командасы Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалда отандастарымыз Liga Pro Team командасын 2:1 есебімен жеңіп, алтын жүлдені иеленді. Бұл нәтижені Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми түрде жариялады.
Шешуші Nuke картасында Team KZ ойыншылары жоғары шеберлік пен үйлесімділік танытып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Жеңімпаздар 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды, ал дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрады.
Бұл жетістік қазақстандық киберспорт пен фиджитал спорт үшін маңызды тарихи оқиға болып отыр.
Мазмұнға өту
