Categories Ақорда

«Таза Қазақстан»: Экологиялық талапты бұзған 102 әкім жауапкершілікке тартылды

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды. Отырыс барысында экологиялық тәртіп бұзушылық туралы сөз болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ басшысы «Таза Қазақстан» бастамасы ең алдымен заңға құрмет, қоғамдық тәртіп және әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Көшелер мен қоршаған ортаның тазалығы осы мәдениеттің ажырамас бөлігі саналады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында жыл басынан бері 213 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 1 397 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Полиция материалдары негізінде олардың 952-сі жойылды. Санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 351 лауазымды тұлға, оның ішінде 102 әкім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының 249 өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген ақпаратта.

Ұқсас жазбалар

Премьер-министр мұнай өнімдерінің заңсыз әкетілуіне қарсы шаралар туралы есеп тыңдады

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына қарсы шаралар туралы есеп тыңдады. Ішкі істер министрі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құжаттары Президент архивіне тапсырылды

Президент архивінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау рәсімі өтті. Қағаз және аудиовизуалды…

Олжас Бектенов су тасқыны қаупіне қарсы қызметтердің дайын болуын талап етті

Премьер-министр Олжас Бектенов гидрологиялық жағдай бойынша кеңес өткізіп, су тасқыны қаупіне қарсы барлық қызметтің дайын…