Сурет: Sports.kz
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалында қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Осылайша, команда алғаш рет континенттің басты додасының шешуші кезеңіне шықты.
Матч Албанияның Тирана қаласында өтті. Қазақстандық спортшылар қарсыластарынан басым түсіп, жанкүйерлерді қуантты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құрама бапкері матчтан кейін:
Біз тарих жасадық. Бұл жеңіс – бүкіл елдің еңбегі. Финалда да осындай рухпен ойнаймыз.
деп пікір білдірді.
Қазақстан финалда күшті қарсыласпен кездеседі. Нақты ойын күні мен уақыты әлі белгіленбеген.

