Сурет: ашық дереккөз
Тамыз айында әлемдік нарықта какао бағасы айтарлықтай өсіп, ең қымбаттаған тауар атанды. Бір айда оның құны 28,22%-ға артқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
РИА Новости ICE Futures, CME Group және Шанхай металл биржасының деректерін талдаған. Азық-түлік тауарлары арасында какаодан кейін қант пен бидай бағасы едәуір өскен. Қант 19,87%-ға, бидай 17,11%-ға қымбаттаған.
Азық-түлік өнімдері ішінде бағасы ең көп төмендегендер — апельсин шырыны, кофе және шай. Олардың құны тиісінше 6,42%, 3,97% және 3,94%-ға арзандаған.
Өнеркәсіптік тауарлар мен металдар арасында ең жоғары өсім Қытай биржасындағы битумда тіркелді, ол 21,25%-ға қымбаттаған. Күміс бағасы 15,96%-ға өскен. Ал кобальт гидроксиді ең көп арзандаған тауар болды, оның бағасы 16,75%-ға төмендеген.
Отын-энергетика тауарлары арасында Қытай нарығындағы метанол ең көп қымбаттады, бір айда 21,36%-ға өсті. Еуропадағы газ 21,12%-ға, АҚШ нарығындағы көмір 19,21%-ға қымбаттаған. Ал Urals маркалы мұнай бағасы 8,67%-ға арзандап, бұл санаттағы ең үлкен төмендеу болды.
