Сурет: ашық дереккөз
Таиландтың Патонг ауданында 16 қарашаға қараған түні болған ірі өрт салдарынан 11 адам қаза тауып, 35-тен астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жалын Phang Muang Sai Kor Road көшесіндегі мотоцикл жалға беру орнынан шығып, көршілес ғимараттарға жылдам тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің бір бөлігі түтінге тұншығып, көміртек тотығынан уланған. Қою түтіннен адамдардың көбі ғимараттан шыға алмай қалған.
Өрттен 100-ден астам мотоцикл жанып, маңайдағы 5-8 коммерциялық нысанға зақым келген. Құтқарушылар жалынды шамамен бір сағат ішінде оқшаулаған.
Мазмұнға өту
