Спорт

Таеквондо: Айдана Құмартаева Гран-при турнирінде қола жүлдегері атанды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында WT таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының турнирі басталып, алғашқы күні-ақ Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айдана Құмартаева 49 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Жартылай финалда ол осы салмақтағы әлем чемпионы Лю Ю-юнмен (Қытайдың Тайпейі) кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді. Осылайша, отандасымыз жарысты қола медальмен тәмамдады.

Муджудағы додаға Қазақстаннан 6 спортшы қатысуда. Жалпы, 46 мемлекеттен 248 таеквондошы бақ сынауда. Бұл – Гран-при сериясының маусымдағы екінші кезеңі. Ал шешуші турнир биыл күзде Астанада өтеді.

Көп оқылғандар