Сурет: ашық дереккөзден
25 қарашадан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бекетте жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде оның өткізу қабілеті артады. Құрылыс шамамен алты айға созылады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Сыпатай батыр» бекеті арқылы 326,8 мың көлік құралы мен 850 мың адам өткен.
25 қарашадан бастап бекет аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі.
Министрлік Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көлік қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыларға балама өткізу бекеттерін пайдалануды ұсынады. Шекарадан «Қордай», «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе» және «Айша-Бибі» бекеттері арқылы өтуге болады.
Жаяу жүргіншілер үшін шекарадан өту мүмкіндігі сақталады. Оларға құрылыс жұмыстары мен арнайы техниканың қозғалыс аймағынан тыс уақытша қауіпсіз бағыттар ұйымдастырылады.
Еске сала кетейік, Өзбекстанмен шекарада 86 500 теңге көлемінде кепілдік төлем енгізіледі. 9 қарашадан бастап Өзбекстанмен шекарадағы үш өткізу бекетінде электронды кезекке тұру үшін жүк тасымалдаушылар 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде кепілдік төлем төлеуі тиіс.
Мазмұнға өту


