Categories Көңіл ашар

Студенттер тарихты оқытуға арналған «TarikhMap» платформасын жасады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторы, аға оқытушы Айжан Қоңырованың жетекшілігімен студенттер тобы тарих сабақтарына арналған «TarikhMap» платформасын әзірледі. Бұл инновациялық жүйе интерактивті цифрлық карталар мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Платформаның басты мақсаты – тарих пәнін оқытуды цифрландыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру және мұғалімдердің уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беру. Қазіргі уақытта университет студенттері педагогикалық практика кезінде бұл жүйені белсенді қолданып, жаңа тақырыптарды түсіндіруде, мемлекеттердің аумақтық өзгерістерін көрсетуде және тарихи оқиғаларды интерактивті форматта таныстыруда пайдалануда.

Цифрлық карталар оқу материалын бекітуге, үй тапсырмаларын тексеруге және жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлауға көмектеседі. «TarikhMap» «Startup-Tomiris» байқауында үздіктер қатарынан орын алып, 1 млн теңге грантқа ие болды. Қазір платформа Алматы қаласы мен облысындағы бірқатар мектептерге кезең-кезеңімен енгізілуде.

Ұқсас жазбалар

Лифтпен «күресіп», 1,5 млн теңге жоғалтқан жігіттің оқиғасы

Бір жігіт лифтпен жанжалдасып, 1,5 миллион теңге жоғалтқан. Видеода жігіт лифт есігін ашуға тырысып, соққы…

Блогер қыздың тікелей эфирде балағат сөздер айтуы тексерілуде

Тікелей эфирде балағат сөздер айтқан блогер бойжеткенге қатысты тексеру жүріп жатыр

Қаламгер Ғабит Мүсірептің екі жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Қаламгер Ғабит Мүсіреп 60 жасында «Болмысы бөлек Бесқала» және «Соңғы мүмкіндік» атты екі кітабын жарыққа…