Спорт

Соня Жиенбаева WTA рейтингінде 70 сатыға көтерілді

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева WTA-ның жекелей сындағы әлемдік рейтингінде 70 сатыға жоғарылап, 384-орынға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің тағы бір өкілі Жібек Құламбаева сегіз саты төмендеп, 472-орынға, ал Аружан Сағандықова 27 позицияға сырғып, 652-орынға орналасты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның әйелдер арасындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина болып табылады. Ол WTA рейтингінде Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейін екінші орында тұр.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (904 ұпай) бір саты төмендеп, 82-орынға жайғасты.

Жұптық сында Анна Данилина (6775 ұпай) алтыншы орнын сақтап қалды.

Көп оқылғандар