Спорт

Соня Жиенбаева Испаниядағы ITF W35 турнирінде жеңімпаз атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен ITF W35 халықаралық турнирінде бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оның қатарынан екінші турнирдегі жеңісі. Финалда қазақстандық спортшы қытайлық Юфей Ренді 7:6 (8:6), 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Соня Жиенбаева мансабындағы төртінші «алтынын» жеңіп алды. Бұған дейін ол ITF W15 Анталья (Түркия), ITF W15 Мадрид (Испания) және ITF W75 Оренсе (Испания) турнирлерінде топ жарған еді.

Көп оқылғандар