Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оуренсе қаласында өткен W75 санатындағы халықаралық турнирдің финалында жеңіске жетіп, мансабындағы алғашқы чемпиондық атағын иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Соня Жиенбаева турнирдің финалында Болгария өкілі, WTA рейтингінде 442-сатыда тұрған Изабелла Шиниковамен кездесті.
Тартысты бәсеке үш сетке созылды. Нәтижесінде қазақ теннисшісі қарсыласын 7:6 (7:2), 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді.
Осылайша, Соня Жиенбаева алғаш рет World Tennis W75 деңгейіндегі турнирде чемпион атанды.
Отандасымыздың бұған дейін де екі халықаралық титул еншілеген. Ол 2024 жылы Мадрид пен Антальяда өткен W15 санатындағы жарыстарда жеңімпаз атанған.
Мазмұнға өту
