Спорт

Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы екінші турда Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесіп, 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium алаңында өткен ойынның алтыншы минутында жартылай қорғаушы Михал Садилек Чехияны алға шығарды. Матчтың 83-ші минутында төреші чех футболшысының қолмен ойнағанын анықтап, Чехия қақпасына пенальти тағайындады. Он бір метрлік соққыны Тебохо Мокоэна дәл орындап, есепті теңестірді.

А тобының алғашқы турында Чехия Оңтүстік Кореядан 1:2 есебімен жеңілген еді. Ал бір күн бұрын ОАР турнирдегі алғашқы ойынында Мексикаға 0:2 есебімен жол берді.

Топтық кезеңнің соңғы турында Чехия Мексикамен, ал ОАР Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Көп оқылғандар