Спорт

Софья Берульцева Азия ойындарында төртінші алтын медальді жеңіп алды

Сурет: ТСМ

Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының бірінші жарыс күнінде Софья Берульцева Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді әкелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол каратэнің кумитэ бағдарламасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Бұл Берульцева үшін Азия ойындарындағы қатарынан екінші алтын медаль. Бұған дейін ол Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да осы салмақта чемпион болған.

Сонымен қатар Софья Берульцева – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші каратэшілерінің бірі.

Қазіргі уақытта WKF каратэсі еліміздің 20 өңірінде дамытылып келеді. Қазақстанда бұл спорт түрімен 77 мыңнан астам адам шұғылданады. Спортшыларды даярлауға 600-ге жуық жаттықтырушы тартылған, оның ішінде 140 маман ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Софья Берульцеваның жеңісі ұлттық құраманы жүйелі даярлау мен елімізде каратэ спортын дамыту бағытындағы жұмыстың нәтижесін тағы бір мәрте көрсетті.

Көп оқылғандар