Сурет: magnific.com
Синоптиктер жексенбі, 8 қараша күні ел аумағының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда көктайғақ болады.
Елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Атырау облысының солтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында және Жетісу облысының шығысында өрт қаупі төтенше деңгейге жетуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Мазмұнға өту
