Әлем

СІМ Словакияда төрт қазақстандықтың ұсталғанын растады

Сурет: yandex.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Словакияда Қазақстанның төрт азаматының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, олар адам ұрлап, бопсалады деген күдікке ілінген. Бұл жағдай Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бақылауына алынған.

«ҚР СІМ-ге Словак Республикасында Қазақстанның төрт азаматының ұсталғаны белгілі. Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде, олардың туыстарымен байланыс орнатылды», делінген министрліктің Egemen.kz редакциясына берген жауабында.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда жүргізушіні қорқытып, көлігін бүлдірген Қазақстан азаматы қамауға алынған еді.

Көп оқылғандар