Categories Жайық news

ШЫҢҒЫРЛАУДЫҢ АЛМАЗ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылында «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды.

«Ауыл құтқарушылары» ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен қолға алынған бірегей бағдарлама. Ол азаматтық ұлттық қорғау жүйесін нығайтудағы және еліміздің әр өңіріндегі орнықты қоғамдастықты қалыптастырудағы стратегиялық қадам болып табылады.

Шарада ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Миржан Нұртазиев құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин ауыл тұрғындарын құттықтап, қызметтік автокөлік кілтін Алмаз ауылдық округінің әкімі Самат Бақтыгереевке табыстады.

Өрт сөндіру бекетінің лента қию рәсімін Жанболат Жаншин мен Алмаз ауылының қоғамдық кеңес төрағасы, зейнеткер Ғаббас Қайырғалиев жасады. Ғ.Қайырғалиев ауыл тұрғындары атынан «Халқымыз тыныш, еліміз қауіпсіз болсын «деген ризашылығын жеткізді.

Ақпарат және фото аудандық «Серпін» газетінің редакциясынан

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…