Сурет: Jas Qazaq
Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін адамдарға арналған заманауи орталық салынып жатыр. Бұл – Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру аясындағы ауқымды жобалардың бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді көмек көрсетіледі. Мұнда оңалту, білім беру және әлеуметтік бейімдеу қызметтері қамтылмақ.
«Біз әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасауға тырысамыз. Бұл орталық – сол бағыттағы маңызды қадам», – деді қала әкімі.
Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

