Сурет: Egemen Qazaqstan
Шымбұлақ тау курорты ашық аспан астындағы Shymba Morning Rave дәстүрін қайта бастайды. Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл ерекше шара тау бөктерінде демалуды, заманауи музыка мен салауатты өмір салтын ұнататындарды біріктіреді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тау туризмі мен спортты насихаттайтын бастама аясында DJ-сеттер, зумба, Esentai Fit+Spa жаттықтырушыларының белсенді жаттығулары өтеді. Қонақтарға курорт мейрамханалары арнайы сеттер, тегін кофе және сергітетін сусындар ұсынады.
Shymba Morning Rave – қонақтарымыз бен командамыз асыға күтетін ерекше іс-шара. Ол күні Шымбұлақ бас станциясы ашық аспан астындағы үлкен би алаңына айналады. Қонақтар таңды DJ-сеттермен қарсы алып, билеп, тау сұлулығына тамсана кофе ішіп, қала қарбаласынан демалып, ерекше күн өткізе алады. Бұл іс-шара ұмытылмас әсер сыйлап, Shymbulak-та қайта қауышуға асығар көңіл күй сыйлайды, – деді Shymbulak маркетинг бөлімінің басшысы Сабина Балтабаева.
Биылғы Shymba Morning Rave 16 шілдеден басталып, бір ай бойы әр бейсенбі сайын сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін өтеді. Думанға қатысу тегін, аспалы жолмен көтерілу ақысы курорт тарифі бойынша төленеді.
Мазмұнға өту
