Спорт

Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Сурет: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Кеше ҚФФ бас кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында Джон ван’т Шкиптің бұл қызметке кіріскені ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Джон ван’т Шкип футболшы ретінде Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында ойнап, Нидерланд құрамасының сапында өнер көрсеткен. 1988 жылы ол ұлттық құрамамен бірге Еуропа чемпионы атанған.

Бапкерлік мансабын «Аякс» жүйесінде бастаған маман кейін осы клубтың бас бапкері болды. Халықаралық деңгейде ол Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын басқарған.

Сонымен қатар, бапкерлер штабы құрылды. Бас бапкердің көмекшілері – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов. Қақпашылар бапкері – Юрий Новиков, дене даярлығы бойынша бапкер – Вадим Боровский, ал сарапшы бапкер – Тимур Құсайынов.

Көп оқылғандар