Categories Жайық news

Шавкат Рахмоновтың жұбайы түскен жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында екі адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл апатқа UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан болуы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарауда.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды», – делінген полицияның ресми жауабында.

Апат 2025 жылдың 27 шілдесі күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған.

Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы бағытына келе жатып, тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Жүргізуші — Шавкат Рахмоновтың жұбайы болуы мүмкін екені туралы ақпарат интернетте тараған, алайда бұл мәліметті полиция әзірге ресми түрде растамады.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…