Спорт

Шахмат Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы алтыншы турда жеңіске жетті

Сурет: ТСМ

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының алтыншы турында Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанды 2,5:1,5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, қарсылас 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және бес жеңіс сериясымен келген. Кездесуде Алуа Нұрманның жеңісі командаға қажетті 2 ұпай әкелді.

Ойынды қолдау үшін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов келіп, Бибісара Асаубаеваның үстелінде алғашқы жүрісті жасады.

Ерлер құрамасы Колумбияны 3,5:0,5 есебімен жеңіп, төртінші жеңісін тіркеді (бір жеңіліс, бір тең).

Енді командалар бір күндік үзіліске шығады. 11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйекте аяқталады.

Көп оқылғандар