Шағырлой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Сырым ауданының Шағырлой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті қолданысқа берілді.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

—Президентіміз Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт денсаулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп атап өткен болатын. Бүгін Сырым ауданының Шағырлой ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы – баршамыз үшін қуанышты оқиға. Енді ауыл тұрғындары сапалы әрі уақытылы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Бұл нысан аналар мен балалардың, жалпы ауыл тұрғындарының саулығын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін,-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Жалпы 2023-2025 жылдары облыста 50 жаңа медициналық нысан салу көзделген болса, соның 45-шісі Шағырлой ауылында іске қосылды.

Шағырлой ауылындағы жалпы аумағы 260 шаршы метрден асатын жаңа нысан заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда күніне 40 адам қабылдана алады.

Ауыл тұрғындары да жаңа нысанның ашылуын қуанышпен қарсы алды.

— Бұрын ауылдан қатынап, алысқа баруға тура келетін. Енді дәрігерге жүгіну жеңілдеді. Жаңа ғимарат жарық, кең, барлық жағдай жасалған. Осындай қамқорлық үшін Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз, – дейді ауыл ардагері Сағидоқас Бақтығалиев.

Жоба ауылдық аймақтарда медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мұндай нысандар шалғай ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және денсаулық сақтау қолжетімділігін қамтамасыз етуге сеп болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…