Сурет: Egemen Qazaqstan
Семсерлесуден әлем чемпионаты 22-30 шілде аралығында Гонконгте өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекеге 79 елден 1000-нан астам спортшы қатысады. Отандық спортшылар сапы, қылыш және найза бағдарламалары бойынша сынға түседі.
Сапыдан: Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов. Әйелдер арасында: Ирина Бакалдина, София Николайчук, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева.
Қылыштан: Қуаныш Эргашбай, Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай. Әйелдер: Карина Доспай, Анастасия Гулик, Айгерім Сарыбай, Татьяна Приходько.
Найзадан: Тамирлан Калиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов. Әйелдер: София Актаева, Алена Гноева, Алина Искандерова.
Мазмұнға өту
